Торғайлық Аружан Сұмағұл республикалық турнирден жемісті оралды
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленуші Аружан Смагұл Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында өткен бокстан 2007-2008 жылы туған жасөспірім мен қыз балалар арасында республикалық турнирге қатысты
Қазақстанның әр өңірінен келген 110 баланың ішінен топ жырып, +80 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленді. Жас былғары қолғап шебері Аружан Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
– Шәкіртімнің болашағы өте зор. Спортқа деген ынта – жігері ер балаларға қарағанда жоғары. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, бокстың қыр – сырын меңгеруден жалықпайды. Турнирге қатысқан спортшылардың ішінде Аружанның бәсі басым . Енді ол осы айдың аяғына қарай Алматы қаласында өтетін оқу жаттығуға барып, одан әрі өзін шыңдайтын болады, – дейді жаттықтырушы Ғабит Қапсаматов.
Торғай жерінің мерейін көтеретін жас боксшылар көп болсын дейміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31