Қостанайлық журналистер республикалық спартакиадада ІІІ орын алды
Абай облысының Семей қаласында Республика күніне орай журналистер мен баспасөз хатшылары арасында республикалық спартакиада өтті.
Жарысқа қатысқан Қостанай облысының командасы үш спорт түрінен жүлдегер атанып, жалпыкомандалық есепте ІІІ орын иеленді.
Қостанайлық журналистер тоғызқұмалақтан үздік нәтиже көрсетті. «Qostanai» телеарнасының өкілдері Рахат Сейлхан, Бейбіт Нұрмұхан және Жанар Ержанова өнер көрсеткен команда І орынға ие болды. Ал үстел теннисінен «Тобол Инфо» ақпарат агенттігінің журналисі Нұржан Смаилов пен «Қоғамдық келісім» журналистер клубының мүшесі Арай Смағұлова жүлделі ІІІ орынға тұрақтады. Киберспорттан «Наш Костанай» газетінің қызметкері Мақсат Қанапьянов ІІІ орын иеленді.

– Мен бұл спартакиадаға да, киберспорт секілді ойынның сайысына да бірінші рет қатысып отырмын. Қарсыластарымі әрине, өте тәжірибелі, киберспорт түріне әбден жаттыққан екен. Жарыс ойын клубында өтті және өте қызықты болды. Мен бұл шараға біраз дайындықпен келдім. Өз ойым, мұндай спартакиадалар өте қажет. Себебі бұл тек спортты насихаттау емес, сонымен қатар Цифрлық жылмен тұспа тұс келіп тұрғандықтан, бізге де осы бағытта біраз жұмыс жасау керек, – дейді «Наш Костанай» газетінің қызметкері Мақсат Қанапьянов.
Спартакиада қорытындысы бойынша Қостанай облысының командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды. Әріптестерімізді жарыстан жемісті нәтижемен оралғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлту ЖҮЗБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
