Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады

✔️Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.

– Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев осы шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

✔️Сондай-ақ Қазақстан төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтты.

– «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.

t.me/aqorda_resmi

Редактор

Recent Posts

«Земля кормит тех, кто ей предан»: в Костанае чествовали работников сельского хозяйства

В Жастар сарайы сегодня, 27 ноября, состоялось праздничное мероприятие, посвященное Дню работников сельского хозяйства, пищевой…

12 часов ago

Костананайцев и гостей города приглашают на балет “Щелкунчик”

Костанай, встречайте! 🩰🎄 «Щелкунчик» — волшебная новогодняя сказка для всей семьи! 3 декабря жители и…

15 часов ago

Пересмотреть подход к численности сайги предлагают в Костанайской области

Аграрии сообщают о потерях урожая, а представители охотничьих обществ считают, что к регулированию численности животных…

3 дня ago

«Кто в лес – кто по дрова»: Аким области обратил внимание на застройку в городах и районах

Во вторник, 24 ноября, состоялось аппаратное совещание по вопросу хода жилищного строительства в регионе. (далее…)

4 дня ago

Президент страны поручил разработать новый Гражданский кодекс Республики Казахстан

Этот вопрос сегодня активно обсуждают на страницах Фейсбука.  «Костанай. Медиа» предлагает некоторые мнения. (далее…)

4 дня ago

На безопасность школ и детских садов Костанайской области направили 2,5 млрд тенге

Речь идет не обо всех учреждениях региона, а об объектах второй группы антитеррористической защищенности. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.