
«Лепим и Варим», «The Pitcher», «Lion lounge bar»: 2GIS қолданушылары Қостанай қаласындағы ең үздік қоғамдық тамақтану орындарын анықтады
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан астам геосервис қолданушысының пікірі негізінде таңдалды. Олардың қатарында қала тұрғындары мен қонақтары да бар.
Қостанайдағы қоғамдық тамақтану саласы бойынша үздіктер бес номинация бойынша анықталды: мейрамханалар, дәмханалар, кондитерлік, барлар және кофеханалар. Геосервис алгоритмі соңғы бір жылда адамдар карта мен анықтамалықтан ең көп іздеген, қоңырау шалып, хабарлама жіберген, маршрут құрған, суретке түсіріп, мақтап пікір жазған және жоғары бағалаған компанияларды анықтады.
«2GIS сыйлығының шынайы сарапшылары – қазылар да, комиссия да емес. Бұл – күн сайын қай жерде кофе ішуге, қай шаштаразға баруға, кешкі асқа не тапсырыс беруге шешім қабылдайтын қала тұрғындары. Олар өз таңдауларымен, бағаларымен және пікірлерімен сүйікті орындарына “дауыс береді”. Дәл осы нәрсе жеңімпаздар тізімін қалыптастыратын бейтарап алгоритмнің негізі болып табылады.
2GIS сыйлығы — бұл тұрғындар мен қонақтардың таңдауы әрі қай жерге баруға болатынын көрсететін жақсы көмекші. Биыл 2GIS сыйлығы көп қалаларды, оның ішінде танымал туристік бағыттарды да қамтығанына қуаныштымыз — енді жақсы беделі бар сенімді орындарды табу бұрынғыдан да тез әрі оңай. Ай сайын шамамен екі миллион адам 2GIS-те жеңімпаз компаниялардың парақшаларын қарап, ақпарат іздейді, пікірлерін оқып, маршруттар құрады. Яғни, бұл Сыйлық тек үздіктерді анықтап қана қоймай, адамдарға күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.», — дейді 2GIS компаниясының B2B-маркетинг жетекшісі Александра Гейдек.
2GIS қолданушыларының нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік мекемелері геосервисте арнайы белгімен белгіленген — олардың қатарында, мысалы, «Лепим и Варим» және «ProСуши» дәмханалары, «The Pitcher», «Coffee Place» және «Lune» кофеханалары, «Lion lounge bar» бары, «Paparazzi» мейрамханасы, сондай-ақ «Mali desserts» кафе-кондитерлік дүкені бар. Жеңімпаздарды табу үшін іздеу жолағына «2GIS сыйлығы» деп жазу немесе басты беттегі батырманы басу жеткілікті. Қалаған форматтағы орындарды табуға кеңестер көмектеседі. Сондай-ақ, 2GIS-те қоғамдық тамақтану орындарын іздеу кезінде сүзгіні қолданып, жеңімпаздарды оңай табуға болады.
Қостанайда «2GIS 2025 сыйлығының» иегерлері гастроиндустрия саласындағы 13 мекеме болды. Олардың қатарында 3 дәмхана, 3 мейрамхана, 3 бар, 1 кондитерлік және 3 кофехана бар. Биыл да, өткен жылдағыдай, «2GIS сыйлығын» тек қоғамдық тамақтану орындары ғана емес, сондай-ақ сұлулық, денсаулық, автокөлік қызметтері, фитнес-клубтар, гүл дүкендері мен қонақ үйлер секілді басқа салалардағы компаниялар да иеленді.
Жалпы алғанда, пайдаланушылардың белсенділігі мен компаниялардың рейтингі 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы «2GIS сыйлығының» 39 лауреатын анықтауға көмектесті.
Жобаның басқа номинациялары жайлы толығырақ ақпаратты сайттан қарауға болады → https://awards.2gis.ru/
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31