Науырзымдықтар қасиетті жұмада тасаттық шалды

Науырзым ауданында биыл жауын-шашын аз болып тұр.

Бұл жер баптаған диқандар үшін ғана емес, барша халыққа уайым. Жауын мол болып, егін бітік шықса елге де берекелі болары сөзсіз. Күн ысып, құрғақшылық болғанда тасаттық беріп, жауын тілеу бұрыннан бар жоралғы. Осы жоралғыны науырзымдықтар да сақтап, Алладан жаңбыр тілеп, тасаттық берді.

Халқымыздың әдет ғұрпында құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бұрыннан бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Бұл дәстүр баршамызға жақсы таныс. Баршаның тілегі қабыл болып, егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын деген жамағат бас қосты.

Ауданның бас имамы Есет Ғәбдімәлік жиылған жамағатқа тасаттық беру, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін атап өтті. Одан кейін жамағатпен бірге намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта беруі үшін дұға тіледі. Аудан әкімі Мәди Өмірзақұлы бастаған ел азаматтары бірігіп қара малды құрбандыққа шалып, жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға құрбандық етін таратып берді. Еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

-Биыл ауданымызда жауын-шашынның көлемі аздау болып тұр. Қазір егіннің бітік шығуы үшін жауын керек-ақ. Мұндайда қазақ тасаттық беріп, құрбан шалады, тілек тілейді. Бұл қазақ халқының табиғатқа деген құрметін, жауын-шашынның маңыздылығын және жердің құнарлығын арттыруға деген ұмтылысын көрсететін ерекше салт-дәстүр. Оның мәні қазіргі таңда да өзекті. Тасаттық арқылы қазақ халқы табиғатпен үйлесімділікті сақтап, рухани және мәдени құндылықтарын нығайтуды көздеген. Көп тілегі қабыл болады, әрі мұқтаж жандарға көмек болса батасы тиеді, – дейді аудандық Түркебай ата мешітінің бас имамы Есет Ғәбдімәлік.

Қуаңшылық пен құрғақшылықтан қауіптенген жұрт өңірлерде жаппай тасаттық беріп жатыр. Осы үрдістен қалмаған науырзымдықтар да тасаттық намазына күннің ыстығына қарамастан жиналды. Құран бағышталып, Алладан жаңбыр тіледі. Көптің тілеуі қабыл болып, сол күні жауын жауып, ел қуанышқа кенелді.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

Концепцию «Дети Казахстана» представили в Правительстве РК

Министр просвещения Жулдыз Сулейменова на заседании Правительства представила разработанную в рамках поручений Главы государства единую…

1 день ago

В Костанае запустили тариф «Комфорт+» в Яндекс Go

С 27 января пользователи Яндекс Go в Костанае могут выбрать новый тариф «Комфорт+» – вариант…

2 дня ago

В школах каких районов Костанайской области отменены занятия в первой смене 28 января?

В Аулиекольском районе в связи с неблагоприятными погодными условиями 28.01.26 года (- 27 градусов, 2…

2 дня ago

Школьники из каких районов Костанайской области сегодня не идут на занятия во вторую смену ?

В г.Костанай 27 января 2026 года учащиеся второй смены обучаются в штатном режиме В Аулиекольском…

3 дня ago

Транспортные полицейские нашли и вернули пассажирке забытые в поезде ценные вещи

Сотрудники линейного управления полиции на станции Астана оперативно помогли пассажирке вернуть утерянные личные вещи и…

1 неделя ago

This website uses cookies.