Су тасқыны болған кезде Қостанай облысында “Көмек” қоғамдық қоры тіркелді.
Қорға Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар мен бизнес өкілдері ақшалай қаражат жіберіп жатыр. Бұл қордың басшысы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Махаббат Жутаев.
– Жаңа қор құру бастамасы облыстық мәслихатқа тиесілі. Адамдарға дұрыс көмектесу үшін бір ақша үйлестірушісі қажет. Қор зардап шеккендердің жағдайын егжей-тегжейлі зерттеуі керек. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер барлық мүліктен, малдардан, басқалары тек тұрмыстық техникадан айырылды, осының барлығын зерттеп, тексеріс комиссиясынан өткеннен кейін, егер әкімдікте жетпей жатса, онда қаржылай көмекті біз көрсетеміз, – дейді қор басшысы.
Қазіргі таңда шамамен 230 миллиондай қаржы жиналған. Петропавл, Көкшетау қалаларына гуманитарлық көмек үшін бірнеше миллион бөлінді. Қор басшысының айтуынша, бізде қиыншылық болғанда, олар бізге көмекке келді, енді міне, мүмкіндік болғандықтан көмектесіп жатырмыз.– Кез келген көмек сұраған адамға көмектесе алмаймыз. Ең алдымен тексерістен өтіп, мүліктің қаншалықты жарамсыз екендігін қарайды. Тіпті, ол залал расталғаннан кейін де, жергілікті қоғамдастықтың өтініші бойынша ғана беріледі. Барлық жұмыс туралы халықты БАҚ арқылы хабардар етеміз. Біз өз тарапымыздан қордың не істейтіні туралы хабарлауға ниеттіміз. Айтпақшы, жеке өзім қорда жалақы алмаймын, – дейді Махаббат Жутаев.
Тағы да айта кетейік, бұл қоғамдық қорда барлығы тек әкімдіктің және тексеріс жүргізетін комиссияның бақылауымен жұмыс істейді.
Аяжан СЕРІК
Записаться на личный прием можно через портал e-Otinish или по телефону 50-57-84. По этому же…
Труппа еще не вернулась на родину, но уже шлет отзывы на то, как их встретили…
В Костанае наградили победителей областного конкурса журналистов. (далее…)
Президент также потребовал повысить качество республиканских и местных дорог и развивать инфраструктуру для превращения Казахстана…
Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын. (далее…)
Абай облысының Семей қаласында Республика күніне орай журналистер мен баспасөз хатшылары арасында республикалық спартакиада өтті.…
This website uses cookies.