“Qostanai.media” ақпарат агенттігінің командасы облыстық асық ату турнирінде 3-орынға ие болды

«Қостанай.Медиа» ақпарат агенттігінің «Ұлыс» командасы БАҚ қызметкерлері арасында өткен облыстық асық ату турнирінде 3-орынды жеңіп алды.

Команда құрамы Науырзым, Әулиекөл және Сарыкөл аудандық газеттерінің редакторларынан жасақталды,-деп хабарлайды qostanai.media тілшісі.

Ұлттық ойынды ұлықтауға арналған жарыс биыл екінші рет жалғасын тауып отыр. Осылайша игі дәстүрге айналуда. Турнирге Қостанай облысындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Жалпы саны 7 команда тартысқа түсті. Әр топ үш ойыншыдан құралғанын атап өтеміз. Ұпай саны бойынша алға шыққан үш ұжым финалдық кезеңге жолдама алып, өзара бақ сынасты.

Ойын барысында «Ұлыс» командасының ойыншылары ерекше үлгідегі ұлттық киіммен көзге түсті. Олар команда логотипі бейнеленген бірыңғай дизайндегі төсбелгі тағып, турнир шартына сақадай сай дайындықпен келді. Бәсеке барысында ұпай саны бойынша да көш басына шығып, жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Команда капитаны, «Науырзым тынысы» аудандық газетінің редакторы Жібек Мырзағалиқызы турнирге бас жүлде алу үшін келгендерін жасырмады.

-Былтыр үшінші орын алғанбыз. Биыл да тұғырдан таймадық. Жоғары нәтижені ұстап тұру біз үшін үлкен жеңіс. Келесі жылы 1-орын алуға дәмеліміз. Турнирден зор шабыт алып, қанаттанып кетіп барамыз. Бұндай ойындар өте қажет. Себебі журналистер арасында сирек ұйымдастырылады. Асық ату бәйгесіне нәзік жандылардың ер азаматтармен иық тіресе қатысқанының өзі мақтанарлық жағдай. Алдымыздағы аға буын бізге, жас толқынға нағыз шеберліктің үлгісін көрсетті, – дейді «Ұлыс» командасының капитаны Жібек Мырзағалиқызы.

Qostanai.media командасына 3-орын жүлдесінен бөлек жоғары ұмтылысы мен үздік дайындығы үшін Қазақстан Журналистер одағының ҚОФ төрағасы Александра Серғазинова мен «Қостанай» теларнасының директоры Заңғар Санай қосымша ақшалай сыйлық тағайындады.

Облыстық «Қостанай таңы» газеті ұйымдастырған спорттық шараға Қазақстан журналистер одағының Қостанай облыстық филиалы, «AMANAT» және «Respublica» партиялары қолдау білдірді.

Турнир қорытындысында 1-орынды «Қостанай» телеарнасының командасы;
2-орынды «Қостанай таңы» газеті -2 командасы;
3-орынды «Ұлыс» командасы иеленді.
«Сұрмерген» аталымы бойынша ардагер журналист Дәмір Әбіш, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымында «Қостанай таңы» газеті -1 командасы, «Көрермен көзайымы» аталымында «Костанай агро» командасы, «Алтын сақа» аталымында қалалық «Наш Костанай» газетінің ұжымы марапатталды.

Редактор

Recent Posts

В Костанайской области строят контейнерный хаб на 400 тысяч грузов в год

На сегодн уже построены более 2,7 километров железнодорожной ветки. (далее…)

2 дня ago

Жиырмасындағы арман қырықында алынған қамал болды

Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…

1 неделя ago

Задержана руководитель отдела образования Костаная

Проводится расследование по факту хищения бюджетных средств (далее…)

2 недели ago

«Костанай-Су» выносит на обсуждение изменения в своей инвестиционной программе

Департамент Комитета по регулированию естественных монополий по Костанайской области уведомляет горожан о проведении публичных слушаний…

3 недели ago

В Костанае обновляют общегородские парковки

Дорожная техника уже зашла на участки, где качественного покрытия не было годами, передает "Наш Костанай"…

3 недели ago

В Костанае продолжают сокращать количество пешеходных переходов

За последние два месяца их стало меньше как минимум на 13, передает «Наш Костанай» (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.