«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасуда. 09:00-де басталған шараның алғашқы үш сағатында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, инновациялық жобалар таныстырылды.

Медиа кеңістікте алғаш рет онлайн марафонды журналистер робот-жүргізушімен бірге ресми түрде бастады.

Марафонның ток-шоу алаңында қоғам үшін өзекті екі тақырып — «Инклюзивті қоғам» және «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» талқыланды. «Инклюзивті қоғам» тақырыбындағы дискуссия барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүмкіндік жасау, қолжетімді орта қалыптастыру және қоғамдағы өзара құрмет мәдениетін дамыту мәселелері сөз болды. Сарапшылар инклюзияның білім беру жүйесіндегі, еңбек нарығындағы және қоғамдық кеңістіктегі рөліне тоқталды.

«Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» тақырыбындағы талқылауда қазіргі қоғамдағы тәрбие тәсілдерінің өзгеруі, ұлттық құндылықтар мен заманауи психологияның үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері көтерілді. Бұл туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаев «Қазақта әр дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деп айтады. Дәстүр – белгілі бір кезеңде халықтың өмір сүруіне ыңғайланған әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Сондықтан кейбір дәстүрлер бір заманда өзекті болса, басқа уақытта өзектілігін жоғалтуы мүмкін” деп, дәстүр мен заман талабының ұштасу маңыздылығын атап өтті. Спикерлер  бала тәрбиесінің қай қоғамда да, қай жаста да маңызды деген ортақ пайымға тоқталды.

Медиа шарада алғаш рет ұйымдастырылған инновация алаңында отандық өнертапқыштардың ерекше жобалары да таныстырады. Атап айтқанда, ДЦП диагнозы бар адамдарға өте қолайлы жасалған жаңа арба көременге ұсынылды. Бір қызығы осы құралды жүзеге асырған автор Мәулен Бектұрғановқа робот жүргізуші сұрақтарын қойып, қоғам үшін пайдалы екенін атап өтті. Сұхбат соңынан робот өз биімен көпшілікті таңқалдырды.

Онлайн марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жанындағы пресс-орталықтың референдум барысы туралы ресми ақпараттары да ұсынылуда. Атап айтқанда, дауыс беру учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы, шетелдегі учаскелердің жұмысы және азаматтардың келу белсенділігі туралы мәліметтер жарияланды.

«Референдум – 2026» онлайн шарасы аясында көрермендерге осы уақытқа дейін белгілі өнерпаздар мен өнер ұжымдары, атап айтқанда ҚР Ұлттық Ұланының Ерлер хоры, электро домбырамен өнер көрсететін шебер Ақтоты Болышева, Рухия Байдүкенова «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі, «Алтын домбыра» тобы өнерлерін көрсетті. Өнерпаздардың музыкалық номерлері голограмма шоуы арқылы әрленіп отырды.

Қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылап, сарапшылар мен мамандардың пікірін ортаға салуға және елдегі инновациялық бастамаларды кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін онлайын марафон сағат 09:00 – 01:00 аралығанда, 16 сағатқа жалғасады.

Тікелей трансляцияға төмендегі сілтемелер арқылы өтуге болады:

Ақпарат үшін: Республикалық референдум аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Референдум – 2026» атты ауқымды онлайн марафон өтіп жатыр.

Редактор

Recent Posts

Как рассчитать будущие платежи перед покупкой автомобиля?

Как рассчитать будущие платежи перед покупкой автомобиля? Покупка автомобиля связана не только с выбором модели…

1 день ago

«Лидерство – это не только думать о других»: в Костанайской области начал работу лагерь ADAL URPAQ

Первую встречу участники посвятили постановке целей и поиску баланса между помощью другим и заботой о…

2 дня ago

В Костанае организовали палаточный лагерь для молодёжи

Программа сочетала в себе командные активности, встречи со специалистами и практические занятия по безопасности. (далее…)

3 дня ago

Информационное сообщение

Общие условия предоставления ТОО «Костанай.Медиа» рекламной площади на сайте «https://www.qostanai.media» в 2026 году. (далее…)

1 неделя ago

Костанайцам напомнили, при каких обстоятельствах запрещается выезд в лес

Вопрос о безопасном пребывании в лесных массивах стал одним из основных на аппаратном совещании под…

1 неделя ago

Не оставлять без присмотра: девять человек утонули с начала купального сезона в Костанайской области

Сегодня аппаратное совещание акима области было посвящено безопасному отдыху на природе и непосредственно на водоемах.…

1 неделя ago

This website uses cookies.