«Зекет» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен игі іс жүзеге асырылды

Өңіріміздің Жангелдин, Жітіқара, Б.Майлин аудандарына 45 тонна шөп жөнелтілді

Үстіміздегі жылғы жауын-шашынның дер кезінде болмауынан орын алған қуаңшылық мал өсіріп отырған кейбір аудандардағы ағайындарға оңай соққан жоқ. Осы азаматтық пен іскерлік сыналар шақта «Қиындықта ел бірге» жобасының аясында Қостанай өңіріндегі жанашыр азаматтар да оған өздерінің лайықты үлесін қосты.

Мысалы, облыстағы қолдауға зәру 4 ауданға, көмек беру үшін қыруар жұмыстар атқарылды. Осындай ұйымшылдықтың және ауыз бірліктің нәтижесінде Жангелдин, Жітіқара және Б. Майлин аудандарына 45 тонна 400 келі мал азығы болып табылатын шөп жөнелтілді.

Аталмыш игі шараға 1 млн 351 мың теңге жұмсалып, қостанайлықтар да қиын кезде жерлестеріне көмек беруге әрқашан дайын екендіктерін көрсетті. Оған облыстық мешіттің жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.

– Қиындықта бір-біріне қол ұшын беру ағайынның парызы болса керек. Облысымыздағы 4 аудан мал азығынан қиыншылық көріп отыр дегенді естіп, мешіттегі қайырымдылық қор қала тұрғындарының көмегімен қажетті қаражат жинаған болатын. Міне, осы қаражатқа төрт түлікпен күн көріп отарған жандарға дер кезінде көмек қолын созып отырмыз. Қайырымдылық – қайырымы мол іс екені белгілі. Осы шараға белсене атсалысқан жандарға Алла мол сауабтан жазсын, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Қиналғанға көмек көрсету имандылықтың белгісі. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болары хақ.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Әсия Беркенова: «Әркім өз ісіне деген жауапкершілікті ел үшін жауапкершілік деп қараса ғана, іс алға басады»

Жоғары аудиторлық палатаның Қостанай облысына жүргізген тексерісінен кейін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мемлекеттік аудиттің…

20 часов ago

В Костанае состоялось заседание Цифрового штаба области

В рамках повестки был рассмотрен вопрос реализации Стратегии построения «умных городов» в Костанайской области. (далее…)

2 дня ago

Айтылмайтын ауру, мал індеті Ресейден Қостанай облысына жетуі мүмкін бе?

Соңғы бірнеше ай бойы интернет кеңістігінде Ресей Федерациясы аумағындағы, әсіресе Сібір мен Еділ бойы өңірлеріндегі…

6 дней ago

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.