«Зекет» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен игі іс жүзеге асырылды

Өңіріміздің Жангелдин, Жітіқара, Б.Майлин аудандарына 45 тонна шөп жөнелтілді

Үстіміздегі жылғы жауын-шашынның дер кезінде болмауынан орын алған қуаңшылық мал өсіріп отырған кейбір аудандардағы ағайындарға оңай соққан жоқ. Осы азаматтық пен іскерлік сыналар шақта «Қиындықта ел бірге» жобасының аясында Қостанай өңіріндегі жанашыр азаматтар да оған өздерінің лайықты үлесін қосты.

Мысалы, облыстағы қолдауға зәру 4 ауданға, көмек беру үшін қыруар жұмыстар атқарылды. Осындай ұйымшылдықтың және ауыз бірліктің нәтижесінде Жангелдин, Жітіқара және Б. Майлин аудандарына 45 тонна 400 келі мал азығы болып табылатын шөп жөнелтілді.

Аталмыш игі шараға 1 млн 351 мың теңге жұмсалып, қостанайлықтар да қиын кезде жерлестеріне көмек беруге әрқашан дайын екендіктерін көрсетті. Оған облыстық мешіттің жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.

– Қиындықта бір-біріне қол ұшын беру ағайынның парызы болса керек. Облысымыздағы 4 аудан мал азығынан қиыншылық көріп отыр дегенді естіп, мешіттегі қайырымдылық қор қала тұрғындарының көмегімен қажетті қаражат жинаған болатын. Міне, осы қаражатқа төрт түлікпен күн көріп отарған жандарға дер кезінде көмек қолын созып отырмыз. Қайырымдылық – қайырымы мол іс екені белгілі. Осы шараға белсене атсалысқан жандарға Алла мол сауабтан жазсын, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Қиналғанға көмек көрсету имандылықтың белгісі. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болары хақ.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Когда и как жители Костанайской области могут записаться на личный прием к акиму и его заместителям

Записаться на личный прием можно через портал e-Otinish или по телефону 50-57-84. По этому же…

1 неделя ago

Лучших журналистов Костанайской области наградили ко Дню Республики

В Костанае наградили победителей областного конкурса журналистов. (далее…)

1 неделя ago

Токаев поручил Правительству взять под контроль все дороги Казахстана

Президент также потребовал повысить качество республиканских и местных дорог и развивать инфраструктуру для превращения Казахстана…

1 неделя ago

Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда

Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.