БАҚ пен ҮЕҰ: ынтамақтастық қалай арттыруға болады?

Бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты қалай арттыруға болады? «Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ ұйымдастырған Еуропалық Одақ жобасы аясында өткен тренинг тақырыбы осыған саяды. БАҚ әлеуметтік мәселені көбірек қаузап, үкіметтік емес ұйымдардың мониторинг нәтижелерін насихаттау жолдарының тәсілдерін көрсетті.
Тренингке қатысушылар журналистермен өзара әрекеттесу, медиа-стратегияларды әзірлеу және мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты кең аудиторияға нақты және анық жеткізетін контент құрудың озық тәжірибелері мен әдістерін үйренді. Айта кету керек, тернингке өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен тілшілер қауымы қатысты.

Медиа-тренер Александра Сергазинова әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы азаматтық бастамаларды ілгерілету жолдары мен биыл қабылданған «Масс медиа туралы» заңның кейбір тұстарына тоқталды.

– Үкіметтік емес ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарын қалай өзіне көңіл аударту үшін не істеу керектігін жақсы түсіну керек. Керемет іс-шара өткіздіңдер, оны насихаттау үшін БАҚ-пен байланыс болмаса, жұмыстарыңыз көрінбес еді. Ол үшін БАҚ-пен тығыз байланыс қажет. Кез келген журналист жұмысқа тұрған соң қолданыстағы заңды білгені жөн. Барлықтарыңызға белгілі, қазір көптеген блогер, белсенді қоғам мүшесі «Масс медиа туралы» заңға бағынады. Өйткені қоғам белсенділері мен журналистердің үстінен сот істері қозғалып, талап арыз түсіп жатады. Бұл жерде заңға толық шолу жасамасам да, кейбір негізгі тұстарына тоқталып өтемін. Бұған дейін 1999 жылғы заңның аясында жұмыс істеп келдік. Биыл тамыз айында аталған заңнамаға бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енді. Өзім де осы жұмыс тобында болдым. Сондай-ақ аталған заңға сәйкес, БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Осылайша ақпараттың өзектілігі сақталады. Яғни, егер қандай да бір азамат өзінің құқығы бұзылды деп тапса, ақпарат құралдарында жарияланған материалдар бойынша, талап қою мерзімі бұған дейін мерзімсіз болған. Бірақ, біз қазіргі таңда талқылау нәтижесінде ол мерзім бір жылға дейін қысқартылды,- дейді Александра Сергазинова.

Тренинг барысында қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері материалдарды әзірлеуде практикалық дағдыларды қалыптастыруды, мониторинг нәтижелерін қалай тиімді көрсету қажеттігі туралы білімдерін жетілдірді.

-Мұндай тренингке бірінші рет қатысуым. Күні бойы теориялық біліммен қатар, оны практика жүзінде топпен түрлі тапсырмаларды орындадық. Журналистердің назарын бірден аудару үшін сауатты баспасөз хабарламасын құрылымын жазуды үйрендік. Өте қызықты болды. Бұл тренинг Қостанай қаласы мен облыс азаматтық қоғамдық ұйымдар және қызметкерлеріне бағдарламалардың тиімділігін бағалау, талдау жасау және қоғам мүддесін қорғау үшін жаңа дағдылар мен құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Өзіме көп нәрсені түйдім, – дейді мұндай шараға алғаш реті қатысып тұрған болашақ тілші А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Сандуғаш Бекмұрат.

Семинар-тренинг қатысушылар үшін тек теориялық білім алып қана қоймай, топпен жұмыс және корпоративтік мінез-құлық саласында тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік туды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАН

Редактор

Recent Posts

Уникальная выставка открылась в Костанайском областном мемориальном музее И. Алтынсарина

Жители и гости города смогут вживую увидеть деревянную посуду семьи просветителя, инструменты, которыми пользовался его…

1 день ago

В Костанае завершился долгожданный ремонт водно-спасательной станции

Капитальные работы здесь не проводились более 20 лет (далее…)

6 дней ago

В городе Тобыл открылся первый в истории Костанайского района вытрезвитель

Объект начал работу сегодня с восьми утра, сообщает "Наш Костанай". (далее…)

1 неделя ago

В Костанае наблюдается рост заболеваемости корью, коклюшем и гриппом

Об этом сообщил руководитель управления санитарно-эпидемиологического контроля Алмат Байкенов, передает "Наш Костанай". (далее…)

1 неделя ago

«Есть ли потомки у Шокана?»: ответ на этот вопрос искали журналисты во время экспедиции по Казахстану

Корреспондентам ИА «ТоболИнфо» удалось встретиться с Дулатом Маликовым, который уже несколько лет утверждает, что он потомок ученого, оставившего…

1 неделя ago

80 единиц техники задействованы в очистке снега в Костанае

Об этом рассказали в отделе ЖКХ, сообщает "Наш Костанай" (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.